Abai zholy. Roman — apopeya 4 kitap (kaz).

Mukhtar Auezov

 

Просмотр

Описание

«Абай жолы» — ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. «Абай жолы» — жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс.

Отзывы

Отзывов пока нет.

Будьте первым, кто оставил отзыв на “Abai zholy. Roman — apopeya 4 kitap (kaz).”

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *